«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы
Республика аумағын оңтайлы игеруді қамтамасыз ету, халықтың тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасау және келешек буынның қоры үшін жаңа минералдық-шикізат базасын құру, сондай-ақ Каспий қайраңының қазақстандық секторында Қазақстанның экономикалық және геосаяси мүдделерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып белгіленсін: 1) республиканың минералдық шикізат базасын ұдайы өндіру; 2) геологиялық барлау жұмыстары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу; 3) пайдалы қазбалар кенорындарын іздестіруді және бағалауды қоса алғанда, жер қойнауын геологиялық зерделеуді жүргізу; 4) геология саласында ғылымды қажетсінетін және тиімді жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу; 5) алынатын геологиялық ақпараттың деректер банкін сақтау, өңдеу, жүйелендіру; 6) қоғамға берілетін геология саласы ұйымдарының акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) тиімді басқару. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|