Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 704 қаулысымен мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы
Мыналарды: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) осы жұмысты орындайтын халықаралық ұйым ретінде Қаржы және кәсіпкерлік істері директоратының Жұмыстар және Бюджет бағдарламасының бір бөлігі ретінде «Мемлекеттік сектор реформасы арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру» жобасы (бұдан әрі - Жоба) деп аталатын жобаны жүзеге асыратынын, Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жобаға қатысуға келісім білдіргенін, ЭЫДҰ-ның осы Жоба үшін осы Келісімнің 2-бабына сәйкес Еуропалық Одаққа (бұдан әрі ЕО деп аталатын) жәрдемдесу сұрауын үшін шүгінетінін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі - ЭДСМ) және ЭЫДҰ төмендегілер туралы келісті:
1. Жобаның мақсаты және кезеңдері
1. Жобаның негізгі мақсаты бәсекеге қабілеттілікті арттыруды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың елдің ұзақ мерзімді дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қызметін жетілдіру болып табылады. 2. Жоба 48 ай бойы үш кезеңде жүргізіледі: 1-кезең: Шолу, дамыту және енгізу мәселелері бойынша Басқарушы комитет және жұмыс топтарын құру; 2-кезең: Таңдап алынған пилоттық ұйымдардың атқарушы моделін жақсарту; 3-кезең: Әдістемелік ұсынымдар беру мен оқыту.
2. Бюджет және ресурстар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жобаның барлық үш кезеңінде субсидия түрінде бес жүз мың евро мөлшерінде үлес қосады. ЭЫДҰ ЕО-мен Жобаны қаржыландыру үшін жеткіліксіз үш миллион евро мөлшерінде субсидия беру туралы жеке Келісім жасасуға ниеттеніп отыр. Осыған байланысты Жобаны орындау осындай Келісімге қол қойылған жағдайда мүмкін болады. 2. Жобаны іске асыру процесі 48 ай бойы жалғасатын үш кезеңнен тұрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|