«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасаумен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының № 7 актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл; Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының бюллетені, 2010 ж.; № 9; 384-құжат) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесінде: 1) 5-бөлім мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «5. Бастапқы медициналық-санитариялық көмектің тарифіне қосымша компонентті қалыптастыру 19. БМСК тарифіне қосымша компонентті қалыптастыруға шығындарды жоспарлау мынадай міндеттерді орындауға бағытталған: 1) БМСК медицина қызметкерлерін материалдық көтермелеуге бағытталатын қол жеткізілген нәтижелері үшін БМСК ұйымдарын қаржыландыру үшін жан басына шаққандағы нормативтің ынталандыру құрамдастырушысын анықтау; 2) БМСК медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|