Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу (2006.31.03. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында: «Іс-шара» деген бағандағы реттiк нөмiрi 52-жолда «Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы» деген сөздер алынып тасталсын және «Қазақстан Республикасы Заңының жобаларын» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Заңының жобасын» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) «Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 117 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында: реттiк нөмiрi 47-жол алынып тасталсын; 3) ҚР Үкіметінің 2006.31.03. № 222 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|