|
Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 8 ақпандағы № 24 бұйрығымен бекітілген
Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері
Осы генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері «Қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы 7 бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген.
1. Газ генераторы станцияларын жобалау, салу және қайта салу Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы құрылыс және санитарлық талаптар мен нормаларға, технологиялық жобалаудың нормаларына сәйкес жүргізілу қажет. 2. Құрылысы (қайта салуы, кеңейтуі) аяқталған газ генераторы станцияларын немесе оның объектілерін пайдалануға қабылдау «Күрделі жөндеулері аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттар мен коммуналдық мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау» ҚР ҚН 1.04-03-2002. талаптарына сәйкес жүргізілуі керек. Осы Нормативтердің талаптарына қайшы келетін, еңбек қауіпсіздігіне, өнеркәсіптік санитарияға, қоршаған ортаға және өрт қауіпсіздігіне теріс әсер ететін шегіністері бар, жаңадан салынған және қайта салынған газ генераторы станцияларын немесе оның объектілерін пайдалануға қабылдауға тыйым салынады. 3. Агрегаттар мен негізгі жабдықтардың құрылымына немесе технологиялық сұлбаларға өзгерістер енгізу кәсіпорын жобалаушысының, жабдықты дайындаушы-зауыттың келісімі бойынша рұқсат етіледі. Сонымен қатар енгізілетін өзгерістер технологиялық процестерді енгізу мен жабдыққа қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік деңгейін төмендетпеуі керек. Ғимараттар мен құрылыстардың көлемді-жоспарлық, құрылымдық және инженерлік-техникалық шешімдеріне өзгерістер енгізу белгіленген тәртіпте бекітілген қолданыстағы нормаларға сәйкес әзірленген жобасыз рұқсат етілмейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 16000 тг
|