Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес бойынша іс-шараларды жетілдіру шаралары туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Туберкулезге қарсы күрес бойынша іс-шараларды жетілдіру, халық арасында туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын ықпалдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - ҚР ДСМ) «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Т.Ш. Әбілдаев) облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп (келісім бойынша): 1) облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының туберкулезге қарсы ұйымдары зертханаларының жарақталуын есепке ала отырып, олардың деңгейінде материалды (қақырықты) дәрілік сезімталдыққа өсірінділік зерттеулерді орталықтандырсын; 2) бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында (бұдан әрі - БМСК) немесе аумақтық туберкулезге қарсы ұйымдарда (жылжымалы флюороқондырғы) барлық босанған әйелдерді босандыру ұйымында болған кезеңде босандыру ұйымынан шығарғанға дейін флюорография және (немесе) бактериоскопия әдісімен туберкулезге міндетті тексеруді қамтамасыз етсін; 3) туберкулезге күдікті пациенттің туберкулезбен ауыратын науқаспен байланысын болдырмау мақсатында туберкулезге қарсы ұйымға қажетті зертханалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерін (қақырық, рентген-флюротүсірілімдер) БМСК ұйымдарына жеткізу арқылы пациенттің қатысуынсыз консультация беруді және диагнозды нақтылауды қамтамасыз етсін; 4) қолайсыз әлеуметтік мәртебесі бар туберкулезбен ауыратын науқастың туберкулезге қарсы ұйымдардың жанындағы орталық дәрігерлік-консультациялық комиссияның шешімі бойынша толық емделгенге дейін туберкулезге қарсы ұйымның стационарында болуын қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|