Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі туралы ережеде: 1-бөлімде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. «Сырбар» қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кіреді.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. «Сырбар» қызметінің заңдық мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.»; 9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «9. «Сырбар» қызметінің толық атауы - «Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі» мемлекеттік мекемесі. Осы Ереже «Сырбар» қызметінің құрылтай құжаты болып табылады.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. «Сырбар» қызметінің негізгі міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және мемлекеттік органдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|