ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 2735 - KAZ
Қазақстан Республикасы
ҚР 2011 жылғы 29 қарашадағы № 503-ІV Заңымен ратификацияланды
LAL: KAZ 41121
2011 жылғы 7 маусымда ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (АДБ) арасындағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ. ТӨМЕНДЕГІНІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП, (А) Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасында жасалған 2009 жылғы 13 қаңтардағы «ҚАЗ көп траншты қаржыландыру тетігі: ОАӨЭЫ 1 Көлік Дәлізі Инвестициялық Бағдарламасы (Жамбыл облысындағы учаскелер) [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі]» қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге (ҚНК) сәйкес ОАӨЭЫ 1 Көлік Дәлізі (Жамбыл облысындағы учаскелер) [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық Бағдарламасы (Инвестициялық Бағдарлама) шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін Қарыз алушыға көмек көрсету мақсатында АДБ көп траншты қаржыландыруды ұсынады; (В) Қарыз алушының 2011 жылғы 17 қаңтардағы қаржыландыру туралы мерзімді сұрау салуы арқылы Қарыз алушы ҚНК-ге сәйкес АДБ-ға осы Қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасында сипатталған жобаны («Жоба») қаржыландыру мақсаты үшін қарыз бөлу туралы өтінішпен жүгінді; және (С) АДБ Қарыз алушыға осы құжатта ұсынылған мерзімде және шарттарда АДБ-ның әдеттегі капитал ресурстарынан қарыз береді. ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, осы Келісім тараптары төмендегілер туралы уағдаласты:
Қарыз беру қағидасы; Анықтамалар
1.01-бөлім. 2001 жылғы 1 шілдедегі АДБ-ның Әдеттегі капитал ресурстарынан бөлінетін қарыздарға Лондон банкаралық ставкасы бойынша қолданылатын жай операциялар үшін қарыз беру ережелерінің барлығы (Қарыз беру қағидасы) осы арқылы осы Қарыз туралы келісімге қолданылатын және осы Келісімнің мәтінінде жазылғандай күште және әрекетте, алайда төмендегі өзгерістерді сақтай отырып, қолданылатын болып есептеледі: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|