Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 440 бұйрығымен күші жойылды
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрлігінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 230 бұйрығына қосымша
Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 «Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы қыркүйек-қазанда жарияланған): көрсетілген бұйрықтың кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:»; аталған бұйрықпен бекітілген Н-2 техникалық паспорттың нысанында: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «8. Нысаналы мақсаты (жоспары бойынша литер) ________________»; «Қордың санаты _____________________________________________»жолы мынадай редакцияда мазмұндалсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|