«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларындағы (аясындағы) даму үрдістерін талдау» деген бөлімде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сот актілерін орындау институтын жетілдіру. Реттелетін сала немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері. «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығымен Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің атқарушылық құжаттарды орындау, жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарауына берілді. Осылайша, сот актілерін орындау бір мемлекеттік органда шоғырланатын болады, бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Сот актілерін орындау әділ сот төрелігін жүзеге асырудың соңғы және шешуші сатысы болып табылады және оларды тиімді орындау мемлекеттің құқықтық жүйесін нығайтудың маңызды шарты ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлік құрылымдардың қызметіне, елдің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге оң әсер тигізетін күмәнсіз фактор, сондай-ақ адамдардың жалпы әділ сот төрелігіне және мемлекетке деген сенімінің кепілі болып табылады. Негізгі проблемаларды талдау. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|