Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасының оң жағалауында су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 2003 жылғы 9 шілдегі 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, «Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасында (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар белгіленсін: 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасының оң жағалауында су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі; 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасының оң жағалауында су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|