Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 227 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарымен бекітілген Жоғары білімнің кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережесіне және Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережесіне сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 160 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3642 болып тіркелген, Заң газетінде 2005 жылғы 30 қарашада № 158, 2005 жылғы 2 желтоқсанда № 160-161 болып жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 160 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 54 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4097 болып тіркелген, Заң газетінде 2006 жылғы 1 наурызда № 36 болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын; 2) мемлекеттік тіркегеннен кейін бұйрықты ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жолдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|