Жоба
Қазақстан Республикасының
Қабылданды - ҚР 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV Заңын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 1024 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Осы Заң энергетикалық ресурстарды пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жеке және заңды тұлғалардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу туралы куәлік - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғалардың энергиялық аудитті және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігінің сараптамасын жүзеге асыру құзыретін куәландыратын ресми құжат; 2) ғимараттардың, құрылыстардың, имараттардың энергия тиімділігі сыныбы - ғимараттардың, құрылыстардың, имараттардың энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі; 3) квазимемлекеттік сектордың субъектілері - мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар; 4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері - энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның 1500 және одан астам тоннаға барабар көлемде энергетикалық ресурстар тұтынатын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері; 5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім - Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттардың жүйелендірілген жиыны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|