ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/374 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 08-3/465 бұйрығына 3-қосымша
«Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттік тіркей отырып тіркеу (қайта тіркеу) куәлігін беру»
1. Осы «Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттік тіркей отырып тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - Комитет) ұсынады. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 1) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 1-бабы 13) тармақшасының және 8-бабы 13) тармақшасының; 2) «Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 380 қаулысының; 3) «Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттік тіркей отырып тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызметтер стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысы (бұдан әрі - Стандарт); 4) «Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарға мемлекеттік тіркеу және Мемлекеттік реестр жүргізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 349 бұйрығы (бұдан әрі - Ереже) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2097 болып тіркелген) негізінде көрсетіледі. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттік тіркей отырып тіркеу куәлігін (қағаздағы тасымалдағышта) беру, не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|