«2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/310-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 108-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 шілдедегі № 871, «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 шілдедегі № 883 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/310-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2541, «Дидар» газетінің 2011 жылғы 8 қаңтардағы № 2, 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 3, 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 4, «Рудный Алтай» газетінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 2, 2011 жылғы 12 қаңтардағы № 3, 2011 жылғы 14 қаңтардағы № 4 сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1 тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «кірістер - 146589156,4 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 14470893,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 1322776,9 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша - 130795486,5 мың теңге;»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «шығындар - 147395250,0 мың теңге;»; 2) 8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|