|
|
|
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы (2010.14.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 3 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.14.12. № 1357 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2010.14.12. № 1357 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.14.12. № 1357 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 қаулысымен бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесі
Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, медициналық қызметтің тиісті түрлеріне лицензиясы бар медициналық ұйымдарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) әлеуетті өнім беруші - ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасасуға үміткер заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға; 2) Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі немесе облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары; 3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 4) комиссия — ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау және осы Ережеге сәйкес ТМККК кейіннен орналастыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган; 5) өнім беруші - ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасалған үміткер заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға; 6) сатып алуды ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті (республикалық бюджет қаражатының есебінен) немесе ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру рәсімін орындайтын (жергілікті бюджет қаражатының есебінен) тиісті облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары; 7) тапсырыс беруші - осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатының есебінен немесе жергілікті бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті немесе тиісті облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары; 8) ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу әлеуетті өнім берушілерді оларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне анықтауға, оларға ақылы негізде ТМККК көрсету шеңберінде медициналық қызметтерге тапсырыс беруді орналастыруға, олар көрсеткен нақты медициналық көмекке ақы төлеуге бағытталған өзара байланысты дәйекті іс-шаралар кешені; 9) ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу рәсімі - әлеуетті өнім берушіні анықтау және ТМККК кейіннен орналастыру мақсатында осы Ережеге сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, ұйымдастыру бөлімінде, тиісті комиссия, ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүргізу бөлімінде жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені; 10) ТМККК көрсету шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі - шарт) - осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында ТМККК көрсету шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге жасалған азаматтық-құқықтық шарт. 2. ТМККК шеңберінде медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша өңірлердің бөлігіндегі тиісті бюджеттің негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітеді және нақтылайды. 3. Тиісті жылға арналған мемлекеттік сатып алудың бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді Әкімші қабылдайды. 4. Республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттері жүзеге асырады. Жергілікті бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары жүзеге асырады. 5. Республикалық бюджет қаражатының есебінен медициналық көмектің мынадай түрлері бойынша медициналық қызметтерді сатып алу: біліктілік, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған мынадай: инфекциялық, туберкулез және психикалық аурулар кезіндегі медициналық көмекті қоспағанда, психикалық, инфекциялық аурулармен және туберкулезбен, алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарға республикалық маңызды медициналық ұйымдардың медициналық қызмет көрсетуін, науқастарға оңалту орталықтарында медициналық қызметтер көрсетуді, сондай-ақ науқастарға наркологиялық диспансерлерде, оңалту орталықтарында, хоспистерде, жергілікті деңгейдегі санаторийлерде медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, стационарлық көмек; стационарды алмастыратын медициналық көмек; әуе көлігіндегі санитариялық авиация; қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту нысанында жүзеге асырылады. Сондай-ақ мамандандырылған және жоғары мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек бойынша республикалық бюджет қаражатының есебінен медициналық қызметтер жүзеге асырылады. Республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын медициналық қызметтерді қоспағанда, ТМККК бойынша медициналық қызметтерді сатып алу жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. 6. ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу: 1) ТМККК қол жетімділікті қамтамасыз ету; 2) пациенттің дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауын іске асыру; 3) ТМККК үшін бөлінген ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау; 4) ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу үдерісінің жариялылығы мен айқындығы; 5) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік; 6) ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру; 7) отандық өнім берушілерді қолдау қағидаттары сақтала отырып жүргізіледі; 8) ТМККК көрсету жөніндегі шарттарды жасасуда артықшылықты құқыққа денсаулық сақтаудың аккредиттелген ұйымдарына ерекше құқық беріледі.
2. Медициналық қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне қойылатын талаптар
7. ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші мынадай жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс: 1) құқық қабілеттілігі болуы; 2) төлем қабілетінің болуы, үш айдан асатын мерзімде салық берешегінің, Қазақстан Республикасының міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы; 3) банкроттық рәсіміне не таратуға ұшырамауы; 4) сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін материалдық және еңбек ресурстары болуы. 8. Осы Ереженің 7-тармағының талаптарына сәйкестік расталғанда қатысуға өтінімге мынадай құжаттар қоса ұсынылады: 1) нотариаттық расталған көшірмелері: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік; тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығын растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі (жеке тұлға үшін); медициналық қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын әлеуетті жабдықтаушылардың лицензиялары және оларға қосымшалары; 2) көшірме: СТН, БИН, жеке басының куәлігі немесе паспорттың (жеке тұлғалар үшін); Жарғының нотариаттық куәландырылған көшірмесі (егер Жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмеген жағдайда, акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме немесе құрылтайшылардың, құрылтайшылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі); аккредиттеу туралы куәлік (болған уақытта); 3) егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті еместігі және тіркеу есебінде салық төлеушісі ретінде тіркелмегендігі (егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса және салық есебінде тіркеуде тұрмаса ұсынылады) туралы Қазақстан Республикасының салық органының анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі беріледі; өтінімдерді ұсынған күннің алдындағы бір айдан кешіктірмей берілген, төлем мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқтығы (бары) туралы анықтаманың түпнұсқасы, салық органы басшысының не орынбасарының қолымен және аталған салық органы мөрімен куәландырылады; әлеуетті өнім берушіде оны ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді ұсынушы деп белгілеген күнінен бастап шарттың талаптарында көзделген төлемақыны алғанға дейін қызметтерді көрсету үшін кепілдік міндеттер мен материалдық ресурстардың бір айлық қоры (дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, тамақ өнімдері) болуын растайтын құжаттар; осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес кадрлардың біліктілігі туралы мәліметтер (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда берілген мәліметтер ұсынылмайды); соңғы үш жылда көрсеткен ТМККК шеңберінде медициналық қызметтердің көлемдері мен түрлері немесе өзге кезеңде (егер ТМККК шеңберінде әлеуетті өнім берушінің медициналық көмек көрсету кезеңі кемінде үш жылды құраса), бейінді төсектердің саны (стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін ұйымдар үшін) диагностика мен емдеудің арнайы әдістерін және күрделі технологияларды талап ететін аурулар болған кезде медициналық қызметтер көрсетуге арналған жабдықтардың бар-жоғы көрсетілген әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер; сатып алуға қатысуға және әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берішінің бірінші басшысын қоспағанда комиссия отырыстарына қатысуға өтінімдер беруге, қол қоюға әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға сенімхат. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын әлеуетті өнім беруші оның осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін растауда Қазақстан Республикасының резиденті сияқты сол құжаттарды, немесе осы талаптарға сәйкестігі туралы ұқсас мәліметтерді ұсынады.
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
9. ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу мынадай реттегі іс-шараларды орындауды көздейді: 1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сатып алуды ұйымдастырушы аптасына екі реттен сиретпей шығарылатын, мерзімді баспа басылымдарында жарияланатын және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тиісті аумақтарына және Әкімшінің интернет-ресурсында таратылатын хабарландыруларды беру арқылы қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерге нысан бойынша хабарлауы; 2) сатып алуды ұйымдастырушының ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу жөніндегі комиссияның құрамын және комиссияның хатшысын белгілеу жасақтауы және бекітуі; 3) ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысуға өтінімді қабылдауы; 4) медициналық қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне қойылатын тиісті талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін қатысуға өтінімдерді комиссияның қарауы; 5) комиссияның ТМККК орналастыруы; 6) шарттар жасасу; 7) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес аптасына екі реттен сиретпей шығарылатын, мерзімді баспа басылымдарында жарияланатын және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тиісті аумақтарына және Әкімшінің интернет-ресурсында таратылатын хабарландыруларды беру арқылы қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерге нысан бойынша хабарлауы. 10. ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін сатып алуды ұйымдастырушы комиссия құрады және комиссияның хатшысын белгілейді. Комиссияның құрамына комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері кіреді. Комиссияның жалпы саны тақ саннан тұруы және бес адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия мүшелерінің құрамына қоғамдық ұйымның және тиісінше облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері кіреді. Комиссияның төрағасы болып сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарының деңгейінен төмен емес лауазымды тұлға белгіленуі тиіс. Комиссия төрағасы: 1) комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметіне басшылық етеді; 2) комиссияның отырыстарына төрағалық етеді; 3) осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 11. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысқан жағдайда өткізіледі және комиссияның қатысқан мүшелері, оның төрағасы, орынбасары және комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функциясын төрағаның орынбасары орындайды. Комиссия қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі. 12. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі ол үшін дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы немесе ол болмаған кезде оны алмастыратын тұлға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда осы комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікірін білдіруге құқылы, ол жазбаша түрде жазылуы және комиссия отырысының хаттамасына қосылуы тиіс. 13. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды. Комиссияның хатшысы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты сатып алуды ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларының арасынан белгіленеді. 14. Осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес ТМККК көрсету жөніндегі медициналық қызметтерді сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші осы Ережеде көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуге әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылатын өтінімді береді. 15. Қатысуға өтінім мөрмен бекітілуі немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы тиіс және әлеуетті өнім беруші медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ондай бар болса) куәландырылады. 16. Комиссияның отырысы қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күні аяқталған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінімдерді қарайды және әлеуетті өнім берушілерге қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды. 17. Қатысуға өтінімдерді комиссия отырысын өткізбей қарауға болмайды. 1) әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуға өтінімдерінің құрамындағы құжаттар пакетінің толықтығына және тиісінше ресімделуі мәніне қарайды; 2) осы Ережеге 7 және 8-тармақтардың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді анықтайды. Қатысуға өтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында комиссия жазбаша түрде тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады. Қатысуға өтінімді құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты комиссияның сұраныс жасауына және өзге де әрекеттеріне жол берілмейді; 3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы хаттамаға қол қояды. 19. Қатысуға өтінімдерді қарау кезінде комиссия хатшысы қатысуға өтінімдегі құжаттар мен материалдардың тізбесі туралы ақпаратты хабарлайды. Қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері қатысуға өтінімді қарау кезінде қатысуға құқығы бар. Комиссияның отырысына қатысқан тұлғалар комиссияның қызметіне араласуына құқығы жоқ. 20. Комиссия қатысуға өтінімдерді қарастырады және әлеуетті өнім берушілерге ТМККК орналастыруға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды. 21. Қатысуға өтінімді қарау бойынша комиссия отырысының нәтижесі бойынша төраға, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары отырысты өткізетін күні комиссия отырысына қатысушы тұлғаларға ТМККК орналастыруға жіберілгендерді хабарлайды. 22. Комиссия өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан бастап үш жұмыс күнінің ішінде ТМККК орналастыру қорытындысы туралы шешім қабылдайды, осы ережеге 6-қосымшаға сәйкес хаттамада түрінде рәсімделеді және қол қояды. 23. Егер өнім беруші жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан толығымен немесе ішінара жалтаратын болса, онымен шарттың сомасының және / немесе медициналық көмектің көлемнің азаюына немесе шартты тиісінше бұзуға жазбаша қосымша келісім жасасады. Комиссия уәкілетті орган белгіленген тәртіппен ТМККК шеңберінде медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша өңірлердің бөлігінде мемлекеттік сатып салудың бекітілген жылдық жоспарының шегінде ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу рәсімдерін жүзеге асырмай-ақ, басқа өнім берушілердің арасында медициналық көмектің босаған көлемдерін орналастырады.
24. Осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес сатып алуды ұйымдастырушы ТМККК орналастыру комиссиясы қорытынды шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілерге қол қойылған сатып алу туралы шартты жібереді. Өнім берушілер тапсырыс берушімен қол қойылған сатып алу туралы шартты алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оған қол қояды. Егер әлеуетті өнім беруші осы мерзім ішінде шартқа қол қоймаса, ол шартқа қол қоюдан жалтарған деп есептеледі және сатып алуды ұйымдастырушы одан сатып алынатын көлемдерді басқа өнім берушілер арасында бөлуге құқылы. 25. Шарттар бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімдерінде міндетті тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. 26. Сатып алуды ұйымдастырушы төсек қорының мүмкіндігіне және өтінім берілген медициналық қызметтердің көлемдеріне сәйкес ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтердің көлемін олардың арасында бөлетін Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша тізбесі анықталған өнім берушілермен шарттар жасасады. Өнім берушілермен шарттар тиісті қаржы жылына міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес Әкімшіге бөлінген қаражат шегінде жасалады. 27. Шарт жасалған өнім берушілердің тізімі олар көрсететін медициналық қызметтердің тізбелері көрсетіле отырып, аптасына үш реттен сиретпей шығарылатын және тиісті облыстың аумағында таратылатын мерзімдік баспа басылымдарында, сондай-ақ Тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жарияланады. Өнім беруші аптасына екі реттен жиі емес шығарылатын және астананың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында, тиісті облыстардың аумақтарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурста таралатын көрсетілетін қызметтердің түрлерін, нысандарын, емдеуде инновациялық технологияларды қолдану, кадр әлеуеті (санаттар бере отырып, маман сертификаттарының болуы туралы, ғылыми дәрежелерінің, атақтарының болуы туралы) көрсете отырып, оларда орналастырылған ТМККК туралы ақпаратты жариялайды.
28. Көрсетілген қызметке ақы төлеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ТМККК шеңберінде медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылауды есепке ала отырып, жүзеге асырылады. 29. Шартты орындау үдерісінде туындайтын барлық келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.
кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесіне 1-қосымша
Кадрлар біліктілігі туралы мәлімет (аккредиттеу туралы куәлік бар болған жағдайда бұл мәліметтер ұсынылмайды) _________________________________________________________________ (медициналық ұйымның атауы)
Басшы ____________________________________ (қолы, Т.А.Ә.) М.О. Кадр бөлімінің бастығы (кадр маманы) _______________________ (қолы, Т.А.Ә.)
кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесіне 2-қосымша
нысан
______________________________________________________________________________________________________________________ (сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, пошта және электрондық мекенжайы) ____________________________ жылға республикалық бюджет есебінен қаржыланатын сатып алу туралы хабарлайды (бұдан әрі - қызмет): медициналық көмектің түрі (-лері) бойынша: ________________________________________________________________________________ медициналық көмектің нысаны (-дары) бойынша: ____________________________________________________________________________ Қызметтер көрсетілуі тиіс: ________________________________________________________________________________________________. (қызмет көрсету орны көрсетіледі) Сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді әлеуетті өнім беруші ______________________________________________________________________________________________________________________ (сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі) мекен-жайы: ______ кабинет № ____, сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау және тіркеу үшін жауапты ________________________. (лауазымы, Т.А.Ә.) Сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі «____» ___________________________ сағат ______________. Сатып алуға қатысу үшін өтінімдер сағат___________________ «____» ___________________ жылы, мына мекен-жайда: __________________________ кабинет № ___ қаралатын болады. Сатып алуға «____» ____________ 20__ жыл №___ Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесінде көрсетілген медициналық қызметтерді әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптарға сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім беруші қабылданады. Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефон арқылы алуға болады: __________________________________________________. (қаланың коды және телефон нөмірін көрсету)
кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесіне 3-қосымша
нысан
______________________________________________________________________________________________________________________ (сатып алуды ұйымдастырушының атауы) __________ жылға республикалық бюджет қаражатының есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша медициналық қызметтерді көрсетуге мынадай медициналық ұйымдармен шарт жасасады:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |