ҚР Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 389 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 236 бұйрығына 2-қосымша
«Некеге тұруды тіркеуге өтініш беру»
1. «Некеге тұруды тіркеуге өтініш беру» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - электрондық мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Азаматтық хал актілері жазбасы» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетеді. 2. Электрондық ақпараттық қызмет «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысының негізінде жүзеге асырылады. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің автоматтандыру дәрежесі: жартылай автоматтандырылған (өтініш беру үдерісі автоматтандырылған). 4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету түрі: транзакциялық. 5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар: 1) «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) - азаматтық хал актілерін тіркеу үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе; 2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары (бұдан әрі - АКҚҚ) - оның мағынасын жасыру не/немесе түпнұсқаландыруды қамтамасыз ету (түпнұсқаландыру деп ақпараттың түпнұсқа екенін анықтау түсініледі және алынған ақпарат бұрмаланбай берілді дегенді білдіреді) мақсатында ақпаратты қайта құрудың алгоритмдері мен әдістері; 3) жеке сәйкестендіру нөмір (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, соның ішінде қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|