Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 502 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесінде, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде: 19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19-1. Жұмыс берушілер мынадай шарттарды сақтаған жағдайда уәкілетті орган оларға рұқсат беруді жүргізеді: 1) тартылған және тартылатын бірінші санаттағы шетелдік мамандардың жалпы саны: 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін бірінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 50 %-ынан; 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап бірінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 30 %-ынан аспауға тиіс; 2) тартылған және тартылатын екінші және үшінші санаттағы шетелдік мамандардың жалпы саны: 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін екінші және үшінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 30 %-ынан; 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап екінші және үшінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 10 %-ынан аспауға тиіс. Жұмыс беруші кадрлардағы казақстандық қамтудың есебі туралы ақпаратты уәкілетті органға осы Қағидаға 6-1-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынады. Осы тармақ: 1) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезге дейін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|