Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 228 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 6-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 228 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша «сауда» деген сөз «жаңа технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің регламенті: тақырыбында және 1-тармақта «сауда» деген сөз «жаңа технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 41-1 тармағымен толықтырылсын: «41-1. Кеңеске өкілдері қатысқан және олардың тарабына тапсырма берілген құрылымдық бөлімшелер кеңес хаттамасының түсуін күтпей кеңестен кейін тапсырманы орындауға кірісуге міндетті.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|