|
|
|
Салалық марапаттау жүйесінің кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2011 жылғы 10 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі марапаттауының мынадай түрлері бекітілсін: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттау; 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғысын жариялау. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен денсаулық сақтау жүйесінде кемінде 3 жыл жұмыс стажы бар қызметкерлері, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттау жөніндегі комиссиясының мінездемелерін қарау нәтижелері бойынша шығарылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының негізінде: 1) мінсіз адал еңбегі және азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі үшін; 2) медицина ғылымын, білім беруді және денсаулық сақтау саласындағы инновациялық қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін; 3) денсаулық сақтау саласын жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін марапатталады. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғысы денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттау жөніндегі комиссиясының мінездемелерін қарау нәтижелері бойынша шығарылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының негізінде: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атаулы тапсырмаларын тиісті деңгейде және адал орындағаны үшін; 2) лауазымдық міндеттерін және аса маңызды әрі күрделі тапсырмаларды мүлтіксіз орындағаны үшін жарияланады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |