Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттыру республикалық курсы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы басшылық құрамның біліктілігін арттыру республикалық курсы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы басшылық құрам мен мамандардың біліктілігін арттыру, оларды даярлау және қайта даярлау, ұйымдар мен азаматтарға әдістемелік көмек көрсету болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Серіктестіктің жарғысын бекітуді; 2) Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 3) Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді; 4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|