Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № СК-15-22/12878 Хаты
Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі — ҚР ҚМ СК) Сіздердің назарларыңызға мынаны жеткізеді. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашадағы № 490-ІV Заңымен (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне (бұдан әрі ӘҚБтҚ) өзгерістер енгізілген. ӘҚБтҚ 208-1, 209-баптары бойынша әкімшілік істерді қарау соттардың жүргізуіне беріледі. Яғни, салық қызметі оргндары аталған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады, содан соң сотқа қарау үшін тиісті материалдар береді. Бұдан басқа, аталған Заңмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (бұдан әрі - ҚР ҚК) өзгеріс енгізілді, атап айтқанда ҚР ҚК 221-бабының ескертпесінде ірі залал мөлшері айқындамасы бес жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылған. Соған ұқсас ҚР ҚК 222-бабының ескертпесінде ірі залал мөлшері айқындамасы екі мыңнан жиырма мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылған, аса ірі залал мөлшері айқындамасы бес мыңнан елу мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылған.
Қосымша: ӘҚБтҚ-не өзгерістер бойынша салыстырмалы кесте.
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген түзетулер бойынша салыстырмалы кесте
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|