Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы
Осы редакция 2011 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 510-IV ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинеті, Қазақстан Республикасының Украинадағы дипломатиялық өкілдігінің және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдігінің жұмысы үшін тиісті жағдайлар жасаудағы объективтік қажеттілікті назарға ала отырып, өзаралық, тең құқық және тең жауапкершілік принциптеріне сүйене отырып, екі жақты қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға ұмтыла отырып, 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Украина тарабы Қазақстан тарабын өзінің дипломатиялық өкілдігін орналастыру үшін Киев қаласында Танковая көшесі, 4-6 мекенжайында орналасқан, алаңы 0,45 га жер учаскесін өзаралық шарттармен жылына 1 гривен жалгерлік ақыға 49 жылға жалға береді. Қазақстан тарабы осы Келісім күшіне енген сәттен бастап 30 күннен кешіктірмей, осы бапта көрсетілген жер учаскесін жалға алғаны үшін Украина тарабын бір реттік тәртіппен төлем жүргізуге міндеттенеді.
Қазақстан тарабы Украина тарабына өзінің дипломатиялық өкілдігін орналастыру үшін Астана қаласында Ш. Қалдаяқов көшесі, 2 б мекенжайы бойынша орналасқан, алаңы 0,9 га жер учаскесін жылына 1 теңге жалгерлік ақыға 49 жылға жалға береді. Украина тарабы осы Келісім күшіне енген сәттен бастап 30 күннен кешіктірмей, осы бапта көрсетілген жер учаскесін жалға алғаны үшін Қазақстан тарабын бір реттік тәртіппен төлем жүргізуге міндеттенеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|