Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
ҚР Yкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 31 Қаулысымен күші жойылды
«Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 48-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1472 қаулысымен бекітілген
Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) стационарды алмастыратын көмек - бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін болатын медициналық бақылауы бар дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны; 2) күндізгі стационар - халыққа стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі; 3) үйдегі стационар - халыққа стационарды алмастыратын көмекті үйде көрсету. 3. Стационарды алмастыратын көмекті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде, оның ішінде республикалық бюджет қаражатының есебінен ұсынылатын медициналық қызметтің тиісті түрлеріне лицензиясы бар медициналық ұйымдар көрсетеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|