2012 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабын орындау үшін қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ: 1. 2012 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейінгі кезеңде «Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Ақтөбе қаласының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін. Тіркеу өткізу шараларын орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын. 2. Ұсынылсын: 1) Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу өткізу бойынша іс-шаралар жүргізсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|