Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты туындаған әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және өзге де проблемаларды жедел шешу үшін үкіметтік комиссия құру туралы
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты туындаған мәселелерді жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты туындаған әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және өзге де проблемаларды жедел шешу үшін үкіметтік комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылсын. 2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, келтірілген зиянның көлемін белгілесін, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы жағдайды тұрақтандыру жөнінде өзге де жедел шараларды қабылдасын. 3. Комиссия төрағасы Ө.Е. Шөкеев комиссия қызметінің нәтижелері туралы баяндасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Үкіметінің 2011 жылғы 18 желтоқсандағы № 1546 қаулысына қосымша
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктердің зардаптарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|