|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат): 1) кіріспе «Қазақстан Республикасы» деген сөздерден кейін «мемлекеттік органдарының және» деген сөздермен толықтырылсын; 2) бүкіл мәтін бойынша «жобаларды» деген сөз «әлеуметтік жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 1-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) әлеуметтік бағдарлама - өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені;»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) әлеуметтік жоба - әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір және одан да көп жылдар ішінде іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;»; 2) тармақшадағы «әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды, сондай-ақ әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған жекелеген іс-шараларды» деген сөздер «әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «орындаушыны» деген сөз «ықтимал өнім берушіні» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісі (бұдан әрі - өнім беруші) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыратын үкіметтік емес ұйым;»; «8) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестер - құрамына мүдделi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiретiн, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар;»; мынадай мазмұндағы 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын: «10) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау; 11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган; 12) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық атқарушы және жергілікті атқарушы орган; 13) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімі - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысқан үкіметтік емес ұйымдардың тізбесі.»; 4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) уәкілетті органды айқындайды; 2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін айқындайды; 4) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды; 5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»; 5) мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын: «4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетеді; 3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат ұсынады; 5) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және (немесе) бекітеді; 6) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады; 7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастырады; 8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады. 4-2-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті Мемлекеттік органдар: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады; 2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестерді құрады; 3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады; 4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 6) 5-баптың 13) тармақшасы «келісімді» деген сөзден кейін «және ұлттық бірлікті» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 6-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Заңның 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыратын ықтимал өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберіледі.»; 4-тармақ алып тасталсын; 8) 7-баптың екінші бөлігіндегі «жүзеге асыру» деген сөздер «іске асыру» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат, 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат): 17-баптың 1-тармағы «конкурстық құжаттаманың негізінде» деген сөздерден кейін «қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен толықтырылсын. 2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы желтоқсанның 22-і. № 515-ІV
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |