ХII бөлім Аяқ киімдер, бас киімдер, қолшатырлар, күннен қорғайтын шатырлар, таяқтар, таяқ-орындықтар, шыбықтар, қамшылар мен олардың бөліктері; өңделген қауырсындар мен олардан жасалған бұйымдар; жасанды гүлдер; адам шашынан жасалған бұйымдар
АЯҚ КИІМДЕР, ГЕТРАЛАР МЕН ОҒАН ҰҚСАС БҰЙЫМДАР; ОЛАРДЫҢ БӨЛІКТЕРІ
Ескертпелер: 1. Аталған топқа мыналар: а) аяқ табандарына арналған біржолғы сыртқаптар немесе ұлтан жапсырылмаған ұзаққа төзбейтін материалдардан (мысалға, қағаздар, пластмассалы жасалған қабыршық) жасалған аяқ киімдер. Бұл тауарлар оларды құрайтын материалдарға сәйкес жіктеледі; б) сыртқы ұлтансыз, аяқ киімнің қонышына басқа әдіспен желімделген, жапсырып тігілген немесе бекітілген тоқыма материалдан жасалған аяқ киімдер (ХІ тарау); в) 6309 тауар позициясының бұрын тұтынылған аяқ киімдері; г) асбесттен жасалған бұйымдар (6812 тауар позициясы); д) ортопедиялық аяқ киімдер немесе басқа да ортопедиялық жабдықтар, немесе олардың бөліктері (9021 тауар позициясы); немесе е) ойыншық аяқ киімдер немесе мұз немесе роликті конькилер бекітілген бәтеңкелер; тізеге арналған қорғаныш қалқаншалар немесе осыған ұқсас спорттық қорғаныш құралдары (95 топ) енгізілмейді. 2. 6406 тауар позициясындағы «бөліктер» атауы шегелерді, қорғаныштарды, тұзақтарды, ілмектерді, тоғаларды, әшекейлерді, таспаларды, бауларды, домалақ шашақтарды немесе басқа да (тиісті тауар позицияларына енетін) өңделген бөлшектерді немесе түймелерді немесе 9606 тауар позициясының басқа да тауарларын қамтымайды. 3. Аталған топта: а) «резеңке» мен «пластмасса» атауы жай көзге көрінетін сыртқы резеңке немесе пластмасса қабаты бар маталарды немесе басқа тоқыма материалдарын да білдіреді, бұл ретте қандай да бір кейіннен түсінің өзгеруі назарға алынбайды; және б) «тері» атауы 4107, 4112-4114 тауар позицияларының бұйымдарына қатысты. 4. Осы топқа 3-ескертпедегі ережені сақтау шарты жағдайында: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|