«Ақкент» және «Көкшіл орам - 3» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) ұсынған мынадай шарттар мақұлдансын: 1) «Тұрғын үй құрылысы объектілерін салуды аяқтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1163 қаулысына сәйкес «Ауt Ноusing Соmрlех» (Айт Хаузинг Комплекс) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен берілген жалпы сомасы 19 837 147 501 (он тоғыз миллиард сегіз жүз отыз жеті миллион бір жүз қырық жеті мың бес жүз бір) теңге, оның ішінде 16 500 000 000 (он алты миллиард бес жүз миллион) теңге сомасындағы кредитті қайта құрылымдау шарттары: кредит бойынша бірінші транш есептелген күнінен бастап сыйақы ставкасын жылдық 12,5%-дан (он екі бүтін оннан бес пайыздан) жылдық 7%-ға (жеті пайызға) дейін азайту; кредиттің мерзімі - тараптардың келісімі бойынша 2 (екі) жылға ұзарту мүмкіндігімен, кредит бойынша бірінші транш есептелген күнінен бастап 8 (сегіз) жыл; негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең - кредит бойынша бірінші транш есептелген күнінен бастап 48 (қырық сегіз) ай; сыйақы ставкасын жылдық 12,5%-дан (он екі бүтін оннан бес пайыз) жылдық 7%-ға (жеті пайыз) дейін азайтуға байланысты кредит бойынша есептелген сыйақыны шығысқа шығару нәтижесінде туындаған кредитті қайта құрылымдаудан болған шығындарды тану; кредит бойынша бірінші транш есептелген күнінен бастап кредитті қайта құрылымдау күніне дейін кредит бойынша айыппұл санкцияларын қолданбау; қарыз алушының осы қаулыға қол қойылған күні пайда болған есептелген сыйақы бойынша берешегін (сыйақы ставкасының жылдық 7%-ға (жеті пайыз) дейін азаюын ескере отырып) негізгі борышқа капиталдандыру; кредит бойынша оператор - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік қоры); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|