«Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарын (нормативтерін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 27 қазандағы № 850 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 5), 6), 21) тармақшаларына сәйкес, сондай-ақ республикалық бюджет есебінен сатып алынатын медициналық техниканы ұтымды пайдалану және медициналық ұйымдарды медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде қан компоненттерімен тиімді қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарын (нормативтерін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 27 қазандағы № 850 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшада: «Ауылдық аурухана», «Орталық аудандық аурухана», «Ауданаралық аурухана», «Қалалық аурухана», «Облыстық аурухана», «Қалалық балалар ауруханасы», «Облыстық балалар ауруханасы», «Перзентхана», «Перинаталдық орталық», «Инфекциялық аурухана», «Туберкулезге қарсы аурухана (диспансер)» бөлімдер мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|