Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы
«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1544 қаулысымен бекітілген
Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнекәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына, «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген. 2. Қағидалар 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде астық экспорттау кезіндегі көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды. 3. Бюджеттік субсидиялар төлеуді жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|