Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың әдістемелік ұсынымдарын бекіту туралы
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға тең колжетімді білім беру қызметтерін ұсыну бойынша жағдайлар жасау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың әдістемелік ұсынымдары» бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының назарына жеткізсін. 3. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың әдістемелік ұсынымдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында жариялансын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 524 бекітілген
Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық- педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
1. Осы ұсынымдар мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру арқылы тең қолжетімді білім беру қызметтерін ұсыну бойынша жағдайлар жасау мақсатында әзірленген. 2. Психологиялық-педагогикалық қолдау баланы білім беру-тәрбиелеу үдерістері жағдайында дамытуды қамтамасыз ететін көмек пен қолдаудың ерекше бір түрі болып табылады және әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сәйкес оны табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдай тудыратын мамандардың ұйымдық қызметінің тұтас жүйесін білдіреді. 3. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі міндеттері: 1) балалардың дамуындағы кемшіліктерді ерте (анықталған сәттен) түзетуді ұйымдастыру; 2) балаға және оның отбасына даму, оқу, әлеуметтену міндеттерін шешуге көмектесу (ықпал ету); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|