Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін, тағайындау және шеттету қағидасын бекіту туралы (2014.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы «Банкроттық туралы» Заңының 10-2-бабының 24-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың, сырттай байқау әкімшісінің, тағайындау және шеттету қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (Н.Д.Үсенова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Мына бұйрықтардың: 1) «Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5292 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 қазанда № 155 (1555) «Заң газеті» газетінде жарияланған); 2) «Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 167 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6220 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 мамырда № № 192-194 (26040) «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 22 мамырда № 128 (26189) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|