ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1665 қаулысымен бекітілген
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
1. «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және сататын қоғамдық тамақтану объектілерін жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, қайта жабдықтауға, жөндеуге және пайдалануға, сондай-ақ оларды тұтыну үшін орын беруге байланысты сауда қызметімен айналысатын, ведомстволық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға арналған. 2. Осы Санитариялық қағидалар: 1) құрылыс салуға жер учаскесін таңдау; 2) жобалау, салу, қайта жаңарту, қайта жабдықтау; 3) сумен жабдықтау, су бұру, жылыту, жарықтандыру және желдетуді ұйымдастыру; 4) үй-жайларды, жабдықтарды ұстау; 5) тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, өлшеп-орау және өткізу; 6) өндірістік бақылауды ұйымдастыру; 7) персоналға тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, медициналық тексеріп-қарау, гигиеналық оқыту кезінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) азық-түлік (тамақ) шикізаты - тамақ өнімдерін өндіруде одан әрі қайта өңдеуге арналған жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық, жасанды немесе биотехнологиялық жолдармен алынатын шикізат және ауыз су; 2) аспаздық өнімдер - тікелей тамаққа пайдалануға арналған және термиялық өңдеуден өткен тамақ өнімдері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|