Қазақстан Республикасының
Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1668 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Қабылданды - ҚР 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-ІV Заңын қараңыз
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) әрекеттегі резерв - барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындайтын әскери қызметшілер; 2) әскер жасына дейінгілер - әскери есепке алынғанға дейін әскери қызметке даярлықтан өтетін ер азаматтар; 3) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер - осы Заңда айқындалатын мерзімде Қарулы Күштерге әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары; 4) әскерге шақыруды кейінге қалдыру - осы Заңда көзделген негіздемелер бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру; 5) әскерге шақырылушылар - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген және Қарулы Күштерге әскерге шақыруға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары; 6) әскери атақ - әскери қызметшіге және әскери міндеттіге берілетін әскери айырым белгісі; 7) әскери билет - азаматтың әскери қызметке тиесілігін және әскери міндеттілікке қатыстылығын айқындайтын бірыңғай мерзімсіз жеке есептік-әскери құжаты; 8) әскери бөлімнің штаты - жеке құрамның құрамын, ұйымдастыру-штаттық құрылымын, санын және қару-жарақ кадастрына сәйкес бекітіп берілген негізгі қару-жарақ пен әскери техника санын айқындайтын құжат; 9) әскери есепке алу - әскери қызметшілер, әскерге шақырылушылар мен жұмылдыру ресурстары туралы сандық және сапалық деректерді есепке алу және талдау жүйесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|