Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 3/446 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру аясында 2011-2012 оқу ылына техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 3-тармағының 7)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» (бұдан әрі - Бағдарлама) қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру аясында 2011-2012 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 шілдедегі № 3/446 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 897 болып тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінің 2011 жылғы 6 тамыздағы № 91, «Вечерний Алматы» газетінің 2011 жылғы 6 тамыздағы № 97 сандарында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру аясында 2011-2012 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 шілдедегі № 3/446 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2011 жылғы 22 тамыздағы № 3/558 қаулысының күші жойылсын. 3. Алматы қаласы Білім басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|