|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасовқа) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін мәлімет үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 418-ө бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі
1. «Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережелерін және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 149-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4838 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы», 2007 жылғы, мамыр-шілде, жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|