Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы (2011.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 101 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету. Пайымдауы Қазақстанның халықаралық туристік қоғамдастыққа Орталық Азия өңіріндегі туризмнің көшбасшысы ретінде бірігуі және бәсекеге қабілетті спорттық ұлтты қалыптастыру.
2-бөлім. Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау
2009 жылы министрліктің қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын, Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын орындауға бағытталды. 1-стратегиялық бағыт. Қазақстанды Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыру. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|