2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Осы редакция 2012 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының, 1 тармағының 1) тармақшасына, Ақмола облыстық мәслихатының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 4C-39-2 шешіміне сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. 2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 13 864 525 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 7 439 923 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 65 279 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 531 254 мың теңге; трансферттік түсімдер - 5 828 069 мың теңге. 2) шығындар - 14 213 335 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - -147 395 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 7 281 мың теңге бюджеттік кредиттерді өтеу - 154 676 мың теңге; 4) қаржылық активтерімен операциялары бойынша сальдо - 30 000 мың теңге, соның ішінде: қаржылық активтерін сатып алу - 30 000 мың теңге; 5) бюджеттік тапшылық - -231 415 мың теңге; 6) бюджеттік тапшылығын қаржыландыру - 231 415 мың теңге. 2. Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 52 бабы 1 тармағына, Ақмола облысы мәслихатының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 4C-39-2 шешіміне сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді: 1) облыс бюджетіне төлеу көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша - 100%; 2) облыстық бюджетке төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы - 100%; 3) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|