Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № СК-11-25/1394 Хаты
Облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша Салық департаменттеріне
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жұмыста пайдалану үшін келесіні хабарлайды. Жалға (пайдалануға) беру шарттарының тізілімі бойынша. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - еңгізу туралы Заң) 11-1 бабына сәйкес 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық есептілігі өзіне, біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғаларға сауда объектілерін, сауда базарларында сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер табыс ететін, жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін қамтиды. Жалға (пайдалану) беру шарттары тізілімінің нысаны және оның толтыру ережесі «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 8 қарашадағы № 1310 қаулысымен бекітілген, және ҚР ҚМ Салық комитетінің www.salyk.kzсайтының «Салық есептіліктерінің нысандары» / «2012 жыл» бөлігінде орналасқан. Бұл нысан өзіне 871.01. қосымшасын қамтиды және еңгізу туралы Заңының 11-2 бабында көрсетілген жалға алу (пайдалану) шарттарының мәліметтерін көрсетуін көздейді. Жалға (пайдалану) беру шарттарының тізілімі сауда объектілерін, сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 1600 тг
|