|
Шот-фактураларды рәсімдеуге қатысты
Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттері
Көшірмесі: Салық заңнамасын түсіндіру бойынша мультимедиялық байланыс басқармасына
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті келесіні түсіндіреді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 21.07.2011 ж. № 467-ІV Заңымен (бұдан әрі -Заң) Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 263 бабының 5 тармағының 2-1) тармақшасына өзгерістер енгізілген, соған сәйкес Салық кодекстің 256-бабына сәйкес қосылған құн салығын (бұдан әрі-ҚҚС) есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының почталық индексі көрсетілмеген мекенжайы көрсетілуге тиіс. Көрсетілген өзгерістерге сәйкес, шот-фактурады көрсетілген ҚҚС сомасы почталық индексі көрсетілмеген жағдайда, есепке жатқызуға жатады. Салық төлеушілерден келіп жатқан көптеген сауал талаптарға сәйкес, Салық кодексінің 263 бабы салық салу мақсатында шот - фактураларда көрсетілуге міндетті болып табылатын, реквизиттерге талаптардан құралатынына түсініктеме береміз. Сонымен қатар, салық төлеушімен шот -фактурада қосымша Салық кодексінің айтылған баптың 5 және 6 тармақтарымен қарастырылмаған мәліметтерді көрсету, салық заңының бұзылуына жатпайды. Шот-фактураларды басшымен, бас бухгалтермен, уәкілетті тұлғамен растауға қатысты Салық кодексінің 263 бабының 8 тармағына сәйкес, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, шот-фактура: заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен, сондай-ақ басшысы мен бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|