«2010 жылғы 9 желтоқсандағы Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің валюталық бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы туралы
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1172 Қаулысымен бекітілді
2013 жылғы 18 қыркүйекте күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Ұлттық банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Ресей Федерациясының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Орталық банкі, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 5-бабының ережелерін негізге ала отырып, Келісімге қатысушы мемлекеттердің валюталық бақылауды жүзеге асыру өкілеттіктеріне ие мемлекеттік органдары, атқарушы билік органдары мен Келісімге қатысушы мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері (бұдан әрі - валюталық бақылаудың уәкілетті органдары) арасындағы валюталық бақылау саласындағы ынтымақтастықтың қажеттілігін тани отырып, валюталық заңнаманы бұзуға қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында іс-қимылдар жасай отырып, төмендегілер туралы келісті:
Жалпы ережелер
1. Валюталық бақылаудың уәкілетті органдарының валюталық заңнаманы бұзудың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатындағы ынтымақтастығы осы Шарттың мәні болып табылады. 2. Осы Шартта пайдаланылатын терминдер Келісімде, Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады. 3. Келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері осы Шарт күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде валюталық бақылаудың уәкілетті органдары туралы, олардың ресми атауларын, мекенжайларын және өзге де ресми деректемелерін көрсете отырып, бір-бірін жазбаша хабардар етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|