Жоба ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Микроқаржы ұйымдары туралы
ҚР 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 20 Қаулысымен ҚР Парламентінің қарауына енгізілді
Осы Заң микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді, микроқаржы ұйымдарының құқықтық жағдайының, олардың құрылуының, қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарын реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшеліктерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) кредиттік дерекнама - микроқаржы ұйымы әрбір қарыз алушыға қалыптастыратын, микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес берілген құжаттар мен мәліметтер; 2) қарыз алушы - микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға; 3) мақсатты микрокредит - қарыз алушыға микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес белгілі бір мақсаттарға пайдалану шарттарымен берілген микрокредит; 4) микрокредит - микроқаржы ұйымы қарыз алушыға осы Заңда айқындалған мөлшерде және тәртіпте ақылылық, жеделділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен беретін ақша; 5) микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу (бұдан әрі - есептік тіркеу) - осы Заңның 14-бабына сәйкес микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізіліміне қосу; 6) микроқаржы ұйымдарының тізілімі - жүргізілуін уәкілетті орган жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдарының бірыңғай тізбесі; 7) микроқаржы ұйымы - коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Заңмен рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға; 8) өтініш беруші - микроқаржы ұйымына микрокредит алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|