Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы (2011.23.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы Агроөнеркәсіптік кешен салаларының экономикалық өсуіне және бәсекеге қабілеттіліктің сапалы жаңа деңгейіне жетуіне жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді, су, орман, аңшылық және балық шаруашылығын, ауылдық аумақтар мен аграрлық ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттің аграрлық саясатын қалыптастыру және іске асыру. Пайымдауы Агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін және мемлекеттік қаржы және материалдық активтерді басқару тиімділігін қамтамасыз ету, экономиканың ведомстволық бағынысты салаларын үйлестіруді жоғары деңгейге жеткізу.
2-бөлім. Тиісті салалар (аялар) қызметінің ағымдағы жағдайын және даму үрдістерін талдау
1. 1-стратегиялық бағыт. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету». Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|