|
«Құрметті байланысшы» атағын беру туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 297 бұйрығымен бекітілген «Құрметті байланысшы» атағын беру ережесіне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Құрметті байланысшы» атағы: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тізім бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қызметкерлеріне; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізім бойынша «Қазпочта» акционерлік қоғамының қызметкерлеріне; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізім бойынша Қазақстан Ұлттық телекоммуникация қауымдастығының қызметкерлеріне; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізім бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитетінің қызметкерлеріне берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмысы департаменті (А.В. Задорожный) осы бұйрықты мүдделі ұйымдардың назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: «Құрметті байланысшы» атағына үміткерлерді қарау Комиссияның 2011 жылғы 12 желтоқсандағы хаттамасы.
Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 402 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қызметкерлерінің «Құрметті байланысшы» атағын беруге арналған тізімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|