Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 661 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 230 қаулысымен бекітілген
Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау кағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарының штаттық кестесінде көзделген жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін (бұдан әрі - штаттағы лауазымдар) лауазымдарға конкурстық тағайындау тәртібін айқындайды. 2. Профессор-оқытушылар құрамының лауазымдарына кафедра меңгерушісі, профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы (ассистент) жатады. 3. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына тағайындау конкурсына тиісті бейіндері бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар тұлғалар жіберіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|