«Үздік өрт сөндіру бөлімі» республикалық байқау-конкурсы ережесін бекіту туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды
Өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының жауынгерлік дайындығын және кәсіби шеберлігін арттыру, материалдық-техникалық базаны дамыту және жетілдіру, өрт сөндіру техникаларының техникалық дайындығын арттыру, өрт сөндіру бөлімдерінде тәуліктік кезекшілікті өткеру үшін жағдайды жақсарту мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Үздік өрт сөндіру бөлімі» республикалық байқау-конкурсы туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдарының бастықтары «Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру бөлімшелерінің барлық жеке құрамының жыл сайынғы «Үздік өрт сөндіру бөлімі» байқау - конкурсына белсенді қатысуын қамтамасыз етсін. 3. Бұйрық Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдарының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің барлық жеке құрамына жариялансын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А.Смаиловқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 2010 жылғы 12 шілдедегі № 244 бұйрығымен бекітілген
«Үздік өрт сөндіру бөлімі» республикалық байқау-конкурс туралы ереже
1. «Үздік өрт сөндіру бөлімі» байқау-конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының жауынгерлік дайындығын және кәсіби шеберлігін арттыру, материалдық-техникалық базаны дамыту және жетілдіру, өрт техникасының техникалық дайындығын арттыру, өрт сөндіру бөлімдері қызметкерлерінің қызмет өткеруі үшін жағдайды жақсарту мақсатында өткізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|