|
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 539 бұйрығымен бекітілген
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi
1.1 Осы Су жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде еңбекті қорғау қауіпсіздік техникасының ережелері (ары қарай мәтін бойынша - Ережелер) Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңына, су жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын реттейтін нормативті құқықтық және техникалық актілерге сәйкес әзірленген. 1.2 Ереже Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады және олардың талаптары суды бұру жүйесін пайдаланушы ұйымдарды қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру кезінде, сумен жабдықтау және суды бұру жүйесінің жөндеу жұмыстарын жүргізу, технологиялық процесстер мен операцияларды ұйымдастыру кезінде ескерілуі тиіс. 1.3 Сумен жабдықтау және суды бұру кәсіпорындарында құрылыстың, жабдықтың және процесстердің әрбір типі үшін осы Ереженің талаптарын ескеретін, оларды пайдалану кезінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленуі және орындалуы қажет. 1.4 Осы Ережені толықтыратын қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды немесе пайдалану кезінде жабдықтар мен технологиялық процесстерді алмастырған соң туындайтын және осы Ережелермен ескерілмеген талаптарды белгіленген тәртіпте бекітілген және енгізуші ұйымдармен жасалған нұсқамаларға сәйкес орындау қажет. 1.5 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің құрылыстарында жер, көтеру-тасымалдау, дәнекерлеу, пісіру және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде, сондай-ақ шеберхана шарттарында жабдықтарды жөндеу кезінде жұмыстардың сәйкес түрі бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің талаптарын орындау қажет.
Осы Ережелерді қолдану үшін келесі сілтемелік нормативті құжаттар қажет: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 16000 тг
|