Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен қаражат бөлу туралы (2012.15.05. берілген өзгерістермен)
«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына, «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 желтоқсандағы № 197 және «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» 2012 жылғы 4 қаңтардағы № 215 Жарлықтарына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер (өрттер) салдарынан туындағын зардаптарды жою жөніндегі шараларды жүргізу, сондай-ақ саяси және әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіретін жағдайдың туындауына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2012.15.05. № 619 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер (өрттер) салдарынан келтірілген зардаптарды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізуге 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 2849204490 (екі миллиард сегіз жүз қырық тоғыз миллион екі жүз төрт мың төрт жүз тоқсан) теңге сомасында, оның ішінде: 1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 446422514 (төрт жүз қырық алты миллион төрт жүз жиырма екі мың бес жүз он төрт) теңге, соның ішінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|