|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат, № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «8-бөлім. Сот үкімдері мен қаулыларын апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қарау»; 420-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «420-бап. Жаңадан сот талқылауына жiбере отырып, алқабилердің қатысуымен шығарылған үкiмнiң күшiн жою»; 422 және 423-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «422-бап. Апелляциялық үкімнің, қаулының мазмұны»; «423-бап. Апелляциялық үкім, қаулы шығару және олардың заңды күшіне енуі»; 423-3-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «423-3-бап. Алқабилердің қатысуымен шығарылған бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін істі бiрiншi саты бойынша қарау»; 446-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «446-1-бап. Сот үкімдеріне, қаулыларына кассациялық тәртіппен шағымданудың жалпы шарттары»; 446-9-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «446-9-бап. Кассациялық сатының үкімнің, қаулының күшін жоюының немесе оларды өзгертуінің негіздері»; 446-15-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «446-15-бап. Істі жаңадан қарауға жібере отырып, үкімнің күшін жою»; 446-22-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «446-22-бап. Үкімнің күші жойылғаннан кейін істі бірінші, апелляциялық сатыда қарау»; 50-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «50-тарау. Сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауы»; 458 - 461-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «458-бап. Заңды күшіне енгеннен кейін сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін сот актілері»; «459-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға негіздер»; «460-бап. Соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтініш жасауға, соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар»; «461-бап. Заңды күшіне енген сот шешімдеріне сот қадағалауы тәртібімен шағымдану мерзімдері»; 61-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «61-тарау. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енбеген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау жөніндегі iс жүргізу ерекшелiктерi»; 575-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «575-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот қараған iстердi апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi»; 62-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «62-тарау. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау жөніндегі iс жүргізу ерекшелiктерi»; мынадай мазмұндағы 575-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «575-1-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын кассациялық сатыда қайта қарау»; 576 және 577-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «576-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау»; «577-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшіне енген үкімін, қаулысын қайта қарау кезінде сотталған адамның жағдайын нашарлатуға жол бермеу»; 2) 7-бапта: 3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3) «апелляциялық саты» - бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi мәні бойынша қарайтын сот;»; 4-1), 5), 6) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4-1) «кассациялық саты» - бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына кассациялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істі қарайтын сот; 5) «қадағалау сатысы» - заңды күшiне енген сот шешiмдерiне өтініштер, наразылықтар бойынша істі қадағалау тәртібімен қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы, сондай-ақ Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымын немесе Бас прокурордың наразылығын қарайтын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы; 6) «судья» - сот билiгiн жүргізуші; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы);»; 34) тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «34) «үкiм» - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi, апелляциялық сатыдағы сот шығарған сот шешiмi;»; 3) 23-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «10. Сот тараптарға істің бiрiншi және апелляциялық саты бойынша қаралу құқығын қамтамасыз етедi; айыпталушыға және оның қорғаушысына iстi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша кассациялық және қадағалау тәртібімен қарау кезiнде қатысуға рұқсат етіледі. Сот әрбiр қылмыстық iстi қараған кезде айыптау тарабының мемлекеттік не жеке айыптаушысы болуға тиiс. Сот iстi қарағанда тараптардың қатысуы мiндеттi болатын басқа да жағдайлар осы Кодексте айқындалады.»; 4) 43-баптың төртінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Егер сот iстi апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау тәртiбiмен қарау кезiнде тоқтатса, көрсетiлген әрекеттердi бiрiншi саты бойынша қараған сот жүргiзедi.»; 5) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын: «58-бап. Соттың құрамы 1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 162 (екінші және үшінші бөліктерінде), 163 (екінші бөлігінде), 165, 166, 166-1, 167, 168 (бірінші бөлігінде), 169, 171, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 233-2 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 233-4 (екінші бөлігінде), 234 (үшінші бөлігінде), 238 (үшінші бөлігінде), 239 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық істерді айыпталушының өтініші бойынша бір судьяның және он алқабидің құрамында қарайды. 2. Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарауды судья жеке-дара, ал алқабилер қатысқан соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, наразылықтарды қарау кезінде - кемінде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады. 3. Кассациялық сатыда істерді қарауды облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының төрағалық етуімен кемінде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады. 4. Істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қарауды кемінде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады. 5. Істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы Кодекстің 476-бабында көзделген қағидаларға сәйкес айқындалады. 6. Үкімді орындау кезінде туындайтын мәселелерді және есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады.»; 6) 59-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Егер істі сотта қарау кезінде қылмыс жасауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға ықпал еткен мән-жайлар, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу барысында жол берілген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот жеке қаулы шығарып, онда заңды бұзудың қажетті шаралар қабылдауды талап ететін осы мән-жайлар мен фактілерге тиісті ұйымдардың немесе тұлғалардың назарын аударады. Егер сот мұны қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жеке қаулы шығаруға құқылы.»; 7) 75-баптың алтыншы бөлігінде: 13), 14) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «13) қылмыстық іс қозғау туралы, оны жәбірленуші деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы, қылмыстық істі тоқтата тұру туралы, істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, айыптау қорытындысының көшірмесін, сондай-ақ бірінші және апелляциялық сатылардағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға; 14) бірінші және апелляциялық сатылардағы сотта істі сот талқылауына қатысуға;»; 21) тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21) мәлімделген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтарды кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттың қарауына қатысуға;»; 8) 90-бапта: бірінші бөліктің 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2) прокурордың, тергеу және анықтау органдарының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымды қараған не осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешіміне санкция беруге қатысқан болса;»; үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бiрiншi сатыдағы сотта қылмыстық iстi қарауға қатысқан судья бұл iстi апелляциялық, кассациялық сатыдағы сотта немесе қадағалау тәртiбiмен қарауға қатыса алмайды, сол сияқты өзінің қатысуымен шығарылған істі тоқтату туралы үкімнің немесе қаулының күшін жою жағдайында, бірінші сатыдағы сотта істі жаңадан, оның ішінде алқабилердің қатысуымен қарауға қатыса алмайды. 4. Апелляциялық сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылғаннан кейін оны осы сатыда жаңадан қарау кезінде, сондай-ақ істі кассациялық сатыда қарау кезінде қарауға қатыса алмайды.»; мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын: «4-1. Кассациялық сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған қаулы күшін жойғаннан кейін бұл iстi бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта қайта қарау кезінде қатыса алмайды.»; бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «5. Iстi алдыңғы сот сатыларында қарауға қатысқан судья сол iсті қадағалау сатысында қарауға қатыса алмайды.»; оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «10. Қарсылық бiлдiрудi қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағымдалуға (наразылық келтірілуге) жатпайды. Қаулымен келiспеушiлiк туралы уәждер апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау шағымына енгiзiлуi мүмкiн.»; 9) 112-бап мынадай редакцияда жазылсын: «112-бап. Соттың үкіміне, қаулыларына шағымдар, наразылықтар Бiрiншi сатыдағы соттардың үкіміне, қаулыларына шағымдар, наразылықтар осы Кодекстiң 46-тарауының қағидаларына сәйкес берiледi. Заңды күшiне енген сот шешiмдерiн қайта қарау туралы шағымдар, наразылықтар, өтiнiштер осы Кодекстiң 48-1 және 50-тарауларының қағидаларына сәйкес берiледi.»; 10) 131-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қылмыстық iс бойынша соттың заңды күшiне енген үкімі, сондай-ақ заңды күшiне енген басқа да шешiмдерi анықталған мән-жайларға да, олардың құқықтық бағалануына да қатысты барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар үшiн мiндеттi. Бұл ереже жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың үкімі мен басқа да шешiмдерiн кассациялық және қадағалау тәртiбімен тексеруге, олардың күшiн жоюға және оларды өзгертуге кедергi жасамайды.»; 11) 153-баптың он сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «18. Осы бапта белгіленген, айыпталушыны қамауға алу мерзімін есептеу мен ұзартудың тәртібі кассациялық немесе қадағалау сатысында іс жүргізудің нәтижесінде немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамға қатысты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкімнің күшін жою және соттың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдана отырып, істі жаңа тергеуге жіберуі кезінде де қолданылады.»; 12) 291-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «2. Облыстық және оған теңестірілген сот аудандық және оларға теңестірілген соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды. 3. Облыстық және оған теңестірілген сот бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдерге және қаулыларға кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.»; 13) 292-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жоғарғы Сот: 1) істерді кассациялық сатыда қарағаннан кейін ғана бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың үкімдеріне, қаулыларына; 2) кассациялық сатыдағы соттың қаулыларына тараптардың өтініштері мен прокурордың наразылықтары бойынша істерді алқа болып қарайтын жоғары сот сатысы ретінде әрекет етеді.»; 14) 293-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «2. Әскери сот гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды. 3. Әскери сот гарнизондардың соттары, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және Әскери Соттың апелляциялық сатыдағы соттары шығарған, заңды күшіне енген үкімдерге және қаулыларға кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.»; 15) 328-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Хаттама компьютерлік, электрондық (цифрлық дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда) машинада жазу не қолмен жазу тәсілімен жасалады. Сот отырысын тіркеп жазудың қосымша материалдары да сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі және істің материалдарымен бірге сақталады.»; 16) 343-бапта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Төрағалық етушi тараптардан оларда жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдемелер мен құжаттарды алдыру туралы, оның ішінде медиация рәсімін өткізу туралы өтiнiштерiнiң бар-жоғы туралы сұрайды. Өтiнiшiн мәлiмдеген адам қандай мән-жайларды анықтау үшiн қосымша дәлелдемелердiң қажет екенiн көрсетуге мiндеттi.»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сот талқылауының қалған қатысушыларының пiкiрiн тыңдағаннан кейiн сот мәлiмделген әрбiр өтiнiштi, оның ішінде медиация рәсімін өткізу туралы өтінішті қарауға, оны қанағаттандыруға немесе өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелдi қаулы шығаруға тиiс.»; 17) 387-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жеке қаулы сот анықтау, алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде жiберiлген, азаматтардың құқықтарын бұзушылықтарды және заңды басқа да бұзушылықтарды байқаған кезде де шығарылуы мүмкiн.»; 18) 8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «8-бөлім. Соттың үкімдері мен қаулыларын апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қарау»; 19) 396-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Аудандық және оған теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшіне енбеген үкімдері апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.»; 20) 397-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «1. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды. 2. Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды Әскери сот қарайды.»; 21) 398-бапта: бірінші бөлікте: бірінші сөйлемдегі «үкiм қабылдаған» деген сөздер «үкім, қаулы шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші сөйлемдегі «үкiм қабылдаған» деген сөздер «үкім, қаулы шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Істі қайтадан қарау кезінде шығарылған үкімге, қаулыға осындай тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.»; 22) 400-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген сот өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша процеске қатысушының мүмкіндігін шектеген заңды бұзушылық кезінде (сот отырысының хаттамасын уақытында жасамау, сот ісін жүргізу тілін білмейтін іске қатысушы адамға аудармасы жоқ сот актісінің көшірмесін табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағымдану мерзімін дәл көрсетпеу), сондай-ақ оған уақытында шағым беруге немесе наразылық келтіруге объективті түрде кедергі жасаған өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жеке) шағым берудің, наразылық келтірудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіруге міндетті.»; 23) 401-баптың бірінші бөлігіндегі «Үкімді қабылдаған» деген сөздер «Үкім, қаулы шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) 406-бап мынадай редакцияда жазылсын: «406-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi Iс ол келiп түскен күннен бастап бір айдан кешiктiрiлмей апелляциялық тәртiппен қаралуы тиiс. Егер сот жаңа материалдар мен дәлелдемелерді зерттеу және жаңа үкім шығару қажеттігіне негіз бар деп тапса, іс ол келіп түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей апелляциялық тәртіппен қаралуы тиіс. Дәлелдi себептер болған кезде, бұл мерзiмдер iс жүргiзiп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл ретте істі қарау мерзімін әрбір ұзарту бір айдан аспауға тиіс.»; 25) 411-баптың бірінші бөлігінде: 5) тармақ алып тасталсын; 7) тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7) алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күшін жою және істі жаңадан сот қарауына жіберу туралы;»; 26) 411-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «411-1-бап. Апелляциялық сатының қылмыстық процесте азаматтық талап арызды қарауы 1. Апелляциялық сатыдағы сот істі қараған кезде үкімнің азаматтық талап арыз бөлігінде заңдылығын, негізділігін және әділдігін де тексереді және осы Кодекстің 169-бабының талаптарын сақтай отырып, шешім қабылдайды. 2. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді азаматтық талап арыз бөлігінде өзгертуге құқылы. 3. Азаматтық талап арыз бойынша сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға айыптау тарапының шағымдарында немесе прокурордың наразылығында тиісті уәждер болған кезде ғана жол беріледі.». 27) 414-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Іс материалдарын, тараптар табыс еткен және істі апелляциялық қарау барысында алынған дәлелдемелерді қарап шығып, сот оларды жаңадан бағалауға және осы Кодекстің 411-бабының бірінші бөлігінде көзделген жаңа шешім қабылдауға құқылы.»; 28) 420-бапта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «420-бап. Жаңадан сот талқылауына жiбере отырып, алқабилердің қатысуымен шығарылған үкiмнiң күшiн жою»; бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкім істі үкiм шығарған сотқа, бiрақ соттың өзге құрамында жаңадан сот талқылауына жiбере отырып, осы Кодекстің 575-бабында көрсетілген негіздер бойынша толық немесе бiр бөлiгiнде күші жойылуға жатады.»; 29) 420-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «420-1-бап. Жаңа үкім шығара отырып, үкімнің күшін жою 1. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 44-тарауының талаптарын сақтай отырып: 1) осы Кодекстің 37-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жоюға және ақтау үкімін шығаруға; 2) айыптау тарабының шағымы немесе наразылығы бойынша ақтау үкімінің күшін жоюға және айыптау үкімін шығаруға құқылы. 2. Жаңа айыптау үкімін шығарған кезде апелляциялық сатыдағы сот тағылған айыптың шегінен, сондай-ақ басты сот талқылауы кезінде мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптаудың және жаза мөлшерінің шегінен шығуға құқылы емес. 3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары бойынша шығарылған апелляциялық сатының үкімдеріне ол жарияланған күннен бастап алты ай ішінде прокурор кассациялық наразылық немесе осы Кодекстің 396-бабында аталған тұлғалар, ал күзетпен қамауда отырған сотталған адам өзіне үкімнің көшірмесі табыс етілген кезден бастап нақ сондай мерзімде кассациялық шағым беруі мүмкін. 4. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталған адамның кінәсіздігі себептері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына қарай онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкелетін өзге негіздер бойынша кассациялық сатыда қайта қарау туралы шағым, наразылық беру мерзімдермен шектелмейді.»; 30) 421-баптың бірінші бөлігінде: 10) тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10) үкімге азаматтық талап арыз, оның ішінде іс жүргізу шығындарын өндіріп алу мәселелері бойынша, заттай дәлелдемелер туралы шешім бөлігінде өзгерістер енгізуге;»; 11) тармақшадағы «қолдануға құқылы.» деген сөздер «қолдануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) айыптау тарапының неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану немесе неғұрлым қатаң жаза тағайындау қажеттігі туралы шағымын, наразылығын қанағаттандыру үшін негіздер болған кезде неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға, неғұрлым қатаң жаза тағайындауға немесе қосымша жаза қолдануға құқылы.»; 31) 422, 423 және 423-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «422-бап. Апелляциялық үкімнің, қаулының мазмұны 1. Осы Кодекстің 411-бабы бірінші бөлігінің 1)-3) және 8) тармақтарында көзделген жағдайларда (бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы, үкімді өзгерту туралы, істі тоқтатып, істі қосымша тергеуге жібере отырып үкімнің күшін жою туралы) апелляциялық қаулы шығарылады. Апелляциялық қаулы кiрiспе, сипаттау-дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұрады. 2. Қаулының кiрiспе бөлiмiнде: 1) қаулы шығарылған уақыт пен орын; 2) қаулыны шығарған соттың атауы және соттың құрамы; 3) апелляциялық наразылық немесе апелляциялық шағым жасаған адамдар; 4) iстi апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетiлуге тиiс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |